Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды

Дата публикации: 11-07-2026 09:08:14

Алматы қаласында есірткіге қарсы профилактикалық бағыттағы жаңа мурал пайдалануға берілді. Ауқымды арт-нысан Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл – жай ғана көше суреті емес. Ол әр адамға өмірлік таңдаудың маңызын еске салатын мазмұнды үндеу. Яғни, спортпен айналысып, білім алып, шығармашылықпен шұғылданып, арманыңа ұмтылатын еркін өмірді таңдау немесе болашақты тұмшалайтын есірткіге […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды

Алматы қаласында есірткіге қарсы профилактикалық бағыттағы жаңа мурал пайдалануға берілді. Ауқымды арт-нысан Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – жай ғана көше суреті емес. Ол әр адамға өмірлік таңдаудың маңызын еске салатын мазмұнды үндеу. Яғни, спортпен айналысып, білім алып, шығармашылықпен шұғылданып, арманыңа ұмтылатын еркін өмірді таңдау немесе болашақты тұмшалайтын есірткіге тәуелділікке жол беру – әркімнің өз қолында.

Муралдың көркемдік композициясы салауатты өмір салты мен жарқын болашақтың құндылықтарын дәріптей отырып, есірткінің адам өмірі мен тағдырына тигізетін ауыр зардаптарын айқын бейнелейді.

Мұндай әлеуметтік арт-жобалар жастар арасында есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған полицияның жүйелі профилактикалық жұмысының маңызды бөлігі саналады.

Өмірді таңда. Еркіндікті таңда. Есірткісіз болашақты таңда.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
2Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда0512-07-2026
3ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда0511-07-2026
4ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді0513-07-2026
5Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды6411-07-2026
6Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі6711-07-2026
7ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді0713-07-2026
8Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді0513-07-2026
9Лавров возложил цветы к Вечному огню в Алма-Ате0010-04-2025
10Чем запомнились алматинские мэры0515-07-2026

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: polisia.kz.