Павлодар қаласындағы №11 мектептің оқушылары үшін аға тергеуші Нұрзифа Төлюбаева мен аға криминалист Юрий Духновскийдің қатысуымен танымдық әрі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ерекше форматта өткен кездесуде оқушыларға тергеуші мен криминалист мамандықтарының ерекшеліктері, олардың негізгі міндеттері мен қылмысты ашудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ мамандар оқиға орнын қарау, іздерді анықтау және тіркеу, заттай дәлелдемелерді […]
Павлодар қаласындағы №11 мектептің оқушылары үшін аға тергеуші Нұрзифа Төлюбаева мен аға криминалист Юрий Духновскийдің қатысуымен танымдық әрі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерекше форматта өткен кездесуде оқушыларға тергеуші мен криминалист мамандықтарының ерекшеліктері, олардың негізгі міндеттері мен қылмысты ашудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ мамандар оқиға орнын қарау, іздерді анықтау және тіркеу, заттай дәлелдемелерді алу мен рәсімдеу тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Сабақ барысында жас қатысушылар саусақ іздерін өздері іздеп тауып, оларды арнайы криминалистикалық әдістер арқылы алып, фототүсірілім жүргізіп, заттай дәлелдемелерді рәсімдеу кезеңдеріне қатысты.
– Бұл интерактивті іс-шараның мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру және құқық қорғау органдары қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру. Сабақтың тәжірибелік бөлімі арнайы криминалистикалық полигонда өтті. Мұнда шартты оқиға орны жасақталып, балаларға заманауи криминалистикалық техниканың мүмкіндіктері көрсетілді, – деді аға криминалист Юрий Духновский.
Өз кезегінде оқушылар да алған әсерлерімен бөлісті.
– Біз саусақ іздері мен басқа да айғақтарды өзіміз іздеп, арнайы құралдардың көмегімен алдық. Өзімізді нағыз Шерлок Холмстай сезіндік. Өте қызықты болды. Болашақта адамдардың қауіпсіздігін қорғау үшін тергеуші болғым келеді, – деді қатысушылардың бірі.
Осындай тәжірибелік сабақтар оқушылардың полиция қызметінің қыр-сырын тереңірек түсінуіне, тергеу жұмысының маңызын ұғынуына және құқық қорғау саласындағы мамандықтарға қызығушылығының артуына ықпал етеді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 2 | ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді | 0 | 5 | 13-07-2026 |
| 3 | ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 4 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |
| 5 | Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі | 6 | 7 | 11-07-2026 |
| 6 | Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 7 | ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді | 0 | 7 | 13-07-2026 |
| 8 | Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 9 | Сотрудники полиции в г.о. Королёв провели профилактические беседы со школьниками | 0 | 5 | 29-05-2026 |
| 10 | У Казахстане абнулілі тэрмін прэзідэнцтва Такаева | 0 | 5 | 07-07-2026 |