Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Дата публикации: 13-07-2026 03:15:13

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, […]

Основное содержимое страницы с новостью.

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.

Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін.

Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз:

  • ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
  • міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз;
  • телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз;
  • күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.

- Сіздің қырағылығыңыз ақшаңызды сақтауға және алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі, - деді ІІМ өкілдері.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды6411-07-2026
2ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
3ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда0511-07-2026
4Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда0512-07-2026
5ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді0513-07-2026
6Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі6711-07-2026
7В МВД предупредили, что мошенники подделывают Telegram-боты "Почты России"0023-05-2025
8В МВД предупредили о мошенниках в Telegram, предлагающих вакансии в онлайн-школе0019-05-2025
9Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды0511-07-2026
10Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді0513-07-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 7. Источник: polisia.kz.