Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Дата публикации: 13-07-2026 02:00:22

Ішкі істер министрлігі "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды тұрақты түрде жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Астана қаласында полиция қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйін тексеру барысында одан салмағы 245 грамм 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcі тәркіленді. Күдікті оны қала […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Ішкі істер министрлігі "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды тұрақты түрде жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Астана қаласында полиция қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйін тексеру барысында одан салмағы 245 грамм 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcі тәркіленді. Күдікті оны қала аумағында өткізбек болған.

Шілде айының бірінші онкүндігінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөліністермен өзара іс-қимыл жасай отырып, барлығы 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 86 қылмыстық терісқылық және 101 қылмыс бар.

Он күн ішінде есірткіні сатудың 46, аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егудің 40 фактісінің жолы кесілді. Сондай-ақ есірткі контрабандасының төрт фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 266 кг прекурсор мен 760 кг есірткі, оның ішінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударылуда. Алғашқы онкүндікте алты мың жасөспірім мен жастарды қамти отырып, 145 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Более 4 кг синтетических наркотиков изъяли у жителя столицы0710-07-2026
2ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
3Партию наркосодержащих растений изъяли в Алматинской области0709-07-2026
4Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды0511-07-2026
5ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда0511-07-2026
6Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды6411-07-2026
7Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді0513-07-2026
8Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі6711-07-2026
9ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді0713-07-2026
10Полиция Кызылординской области расширяет применение дронов0510-07-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: polisia.kz.