Халықаралық "ALTAI FEST" фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Фестиваль барысында полиция қызметкерлері азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер беруде. Сонымен қатар демалушыларға заң талаптарын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік қағидаларын еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылуда. […]
Халықаралық "ALTAI FEST" фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Фестиваль барысында полиция қызметкерлері азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер беруде. Сонымен қатар демалушыларға заң талаптарын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік қағидаларын еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылуда.
Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік қонақтармен жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. Олар көші-қон заңнамасы бойынша кеңес беріп, Қазақстан Республикасында болу тәртібімен таныстыруда. Сондай-ақ туристердің қажетті жағдайда жедел көмекке жүгіне алуы үшін "SAFETRAVEL.KZ" ақпараттық карталарын үлестіруде.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері фестиваль қатысушыларымен профилактикалық кездесулер өткізіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымының зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тақырыптық ақпараттық буклеттер таратуда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі де ерекше бақылауда. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіріп, фестиваль кезінде көлік қозғалысы мен келушілер санының артуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардың өзара жауапкершілігіне назар аударуда.
Профилактикалық жұмыстар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Азаматтармен ашық диалог орнату, дер кезінде ақпараттандыру және ықтимал қауіптердің алдын алу фестиваль қонақтарының мерекелік іс-шаралар барысында өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |
| 2 | ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 3 | Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 4 | Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 5 | Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 6 | Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі | 6 | 7 | 11-07-2026 |
| 7 | ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді | 0 | 5 | 13-07-2026 |
| 8 | ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді | 0 | 7 | 13-07-2026 |
| 9 | Рейды МВД: тысячи подростков доставили в полицию | 0 | 7 | 07-07-2026 |
| 10 | Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді | 0 | 5 | 13-07-2026 |