Бүгін Қостанайда Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ауқымды шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен борыш сезімін дамыту. Биылғы слетке еліміздің облыстарынан 20 команда, сондай-ақ ТМД елдерінен алты команда қатысуда. Жас […]
Бүгін Қостанайда Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауқымды шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен борыш сезімін дамыту.
Биылғы слетке еліміздің облыстарынан 20 команда, сондай-ақ ТМД елдерінен алты команда қатысуда. Жас инспекторлар бірнеше күн бойы өздерінің білімін, шеберлігін, шығармашылық қабілеті мен командалық жұмысын сынайды.
Салтанатты рәсім барысында жол қозғалысын сүйемелдеу және реттеу жұмыстары ұйымдастырылып, жас жол инспекторларының қатысуымен шеру өтті.

Іс-шарада ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов жас жол инспекторларына сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.
— Қымбатты достар! Бәріңізге сәттілік, жаңа білім, жарқын әсер тілеймін және өз командаларыңызды лайықты таныстыра білулеріңізге тілектеспін. Бұл слет сіздерге жаңа достар тауып, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік берсін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, — деді Мұрат Қабденов.
Салтанатты рәсімнен кейін топ жетекшілері мен командалар өкілдерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар профилактикалық жұмыстың тиімді тәжірибелерімен және практикалық әдістерімен алмасты.

Сонымен қатар балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, профилактикалық жұмысты жетілдіру және осы бағытта ТМД елдері арасында бірыңғай тәсілдерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Слеттің өтуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді. Ортақ алаңда бас қосқан жас қатысушылар мен мамандар балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзара байланысын нығайтады.
Осылайша республикалық слет ресми түрде ашық деп жарияланды. Алдағы күндері қатысушыларды түрлі байқаулар мен білім-білік сыналатын қызық әрі мазмұнды кезеңдер күтеді. Әр команда өзін таныстырып, өнері мен шеберлігін көрсетіп, үздік жас жол инспекторы атануға мүмкіндік алады.*
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 2 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 3 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 4 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 5 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 6 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 7 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 8 | ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 9 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 10 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |