Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров Индер ауданындағы "Жас Өркен" лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер бала қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. […]
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров Индер ауданындағы "Жас Өркен" лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер бала қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Іс-шара барысында арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстырып, қорғаныш шлемдері мен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті. Сондай-ақ балаларға қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданылатын дрондардың мүмкіндіктері таныстырылып, олардың жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.

Кездесу балалар үшін танымдық әрі қызықты форматта жалғасты. Іс-шара аясында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, жас қатысушылар шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және полиция қызметіне деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 2 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 3 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 4 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 5 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 6 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 7 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |
| 8 | Қызылордада жазасын өтеуші әйелдер арт-терапия тренингіне қатысты | 0 | 20.01 | 14-08-2026 |
| 9 | В Копейске полицейские провели профилактическую встречу с детьми в лагере «Юность» | 0 | 5 | 09-06-2026 |
| 10 | В Якутии полицейские провели серию антинаркотических лекций в детских лагерях | 0 | 5 | 08-07-2026 |