Павлодар облысында жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кенжекөл ауылындағы "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Ирина Тимиргалиева есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, есірткі қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін […]
Павлодар облысында жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кенжекөл ауылындағы "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Ирина Тимиргалиева есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, есірткі қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зардаптары туралы айтып берді. Кездесудің негізгі мақсаты – ойланбай жасалған бір қадам адамның тағдырын өзгертуі мүмкін екенін түсіндіріп, жасөспірімдерді дұрыс әрі саналы таңдау жасауға шақыру.
Жасөспірімдер өз ұстанымдарын шығармашылық арқылы да білдірді. "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде есірткіге қарсы тақырыпта суреттер мен плакаттар байқауы ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша мазмұнды әрі әсерлі жұмыс ұсынған Абдул-Малик Садулаев жеңімпаз атанды. Жеңімпазға спорттық велосипед табысталды. Ал байқаудың өзге қатысушылары бағалы сыйлықтарға ие болды.
Павлодар облысының полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашаққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 2 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 3 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 4 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 5 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 6 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 7 | Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 8 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 9 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |