Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Г. есімді азамат басқарған ГАЗель автокөлігін тексеру кезінде қызметтік ит Айза артқы көріністі көрсететін айнаның оң жақ тұсында күмәнді заттың болуы мүмкін екені туралы белгі берді. […]
Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Г. есімді азамат басқарған ГАЗель автокөлігін тексеру кезінде қызметтік ит Айза артқы көріністі көрсететін айнаның оң жақ тұсында күмәнді заттың болуы мүмкін екені туралы белгі берді.
Тексеру барысында айна қуысының ішінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған жасырын орама табылды.
Тексеру тобының құрамында ефрейтор Тимур Қожабеков пен кинолог Береке Дөненбай қызмет атқарды. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында күмәнді түйіншек дер кезінде анықталып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.
Ұлттық ұландықтар ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, режимдік объектілерге тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдарды жеткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдайды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |
| 2 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 3 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 4 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 5 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 6 | Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды | 0 | 19.34 | 21-09-2026 |
| 7 | Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр | 0 | 9.8 | 08-04-2026 |
| 8 | Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты | 0 | 19.59 | 21-09-2026 |
| 9 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 10 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |