Жетісу облысында демалыс күндері мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтер өткізді. Демалыс күндері полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзудың 117 дерегін анықтады. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен […]
Жетісу облысында демалыс күндері мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтер өткізді.
Демалыс күндері полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзудың 117 дерегін анықтады. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылды.
Рейдтік іс-шаралар барысында мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші көлік құралын басқарудан шеттетілді. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жай-күйіне қатысты 13 құқық бұзушылық және көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 11 дерегі анықталды.
Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 15 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 21 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын бұзудың 18 дерегі тіркеліп, көлік құралын басқару құқығы жоқ екі жүргізуші анықталды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 12 дерегі тіркелді.
Профилактикалық рейдтердің басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару, рөлде отырып телефон пайдалану және жол белгілерінің талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жол қауіпсіздігі – әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігі!
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |
| 2 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 3 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 4 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 5 | Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты | 0 | 17.99 | 21-09-2026 |
| 6 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 7 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |
| 8 | Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты | 0 | 19.59 | 21-09-2026 |
| 9 | Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | "Пышақпен шабуыл жасамақ болды": Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды | 0 | 10 | 21-08-2026 |