Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды

Дата публикации: 21-09-2026 04:25:10

Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері блогерлермен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz. Рейд барысында полицейлер мен блогерлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда барынша мұқият болу және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді. Жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды

21 Қыркүйек 2026 ж., 09:25 жарияланған 14

Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері блогерлермен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында полицейлер мен блогерлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда барынша мұқият болу және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді.

Жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты сақтау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу және қауіпті маневрлерге жол бермеу қажеттігі ескертілуде.

Ал жаяу жүргіншілерге жолдың жүріс бөлігін тек белгіленген орындардан кесіп өту, жолдан өтер алдында айналаға мұқият қарап, көлік қозғалысының қауіпсіз екеніне көз жеткізу және ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі айтылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты019.5921-09-2026
2Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
3Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
4Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
5Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді0702-07-2026
6Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді019.9621-09-2026
7Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
8Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды0502-07-2026
9Тараз қаласы тұрғындарының назарына!020.3517-10-2018

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 16.54. Источник: polisia.kz.