Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Сапар барысында Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы басым міндеттер талқыланды. Кездесу […]
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар барысында Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы басым міндеттер талқыланды.
Кездесу кезінде қызметті ұйымдастыруды жетілдіру, тәртіп пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге жедел ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары полиция департаментінің мұражайын аралап, өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысты. Сапар барысында Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша полиция бөлімшелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 2 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |
| 3 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 4 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 5 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 6 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 7 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 8 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |
| 9 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |