Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды

Дата публикации: 11-07-2026 11:21:14

Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан "Altai Fest" фестивалі кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Мыңдаған қонақ жиналған ауқымды іс-шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, полиция жұмысы туралы жедел әрі нақты ақпарат таратуға жауапты баспасөз қызметінің мамандары да өз міндеттерін абыроймен орындап келеді. […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды

Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан "Altai Fest" фестивалі кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мыңдаған қонақ жиналған ауқымды іс-шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, полиция жұмысы туралы жедел әрі нақты ақпарат таратуға жауапты баспасөз қызметінің мамандары да өз міндеттерін абыроймен орындап келеді.

Дегенмен, полицей үшін қызметтік міндет тек өз саласымен шектелмейді. Қандай лауазымда болса да, ол ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігіне жауапты.

Соның бір дәлелі – ШҚО полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Қарлығаш Жүсіпова фестиваль барысында көпшілік арасынан жалғыз қалған екі жасар бүлдіршінді байқап қалған. Қорқып, абдырап тұрған сәбиді сабырға шақырған ол бірден ата-анасын іздестіруді ұйымдастырып, көп ұзамай бүлдіршін туған-туыстарына аман-есен табысталды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды көпшілік жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады. Адам көп ортада баланың көзден таса болуы әп-сәтте орын алуы мүмкін. Ал адасып қалған баланы көрген жағдайда немесе өз балаңызды таба алмай жатсаңыз, жақын маңдағы полиция қызметкеріне дереу хабарласу қажет. Мұндай жағдайда тәртіп сақшылары жедел көмек көрсетеді.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
2ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда0511-07-2026
3Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда0512-07-2026
4Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді0511-07-2026
5Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
6Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі6711-07-2026
7Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
8ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді0713-07-2026
9Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті016.5614-08-2026
10Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды0511-07-2026

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 6. Информативность: 4. Источник: polisia.kz.