Әлемге әйгілі актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанның Алматыға келуі қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінде халықаралық киножобаны жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жиынға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, іс-шараларды сүйемелдеуге және түсірілімді ұйымдастырушылармен өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты қызметтер […]
Әлемге әйгілі актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанның Алматыға келуі қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінде халықаралық киножобаны жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, іс-шараларды сүйемелдеуге және түсірілімді ұйымдастырушылармен өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты қызметтер мен бөлімшелердің басшылары қатысты.
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов әлемдік деңгейдегі киножобаның Алматыда түсірілуі қала үшін ғана емес, тұтас Қазақстан үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ауқымды жобалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының жоғары кәсіби деңгейде әрі үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді.
- Біздің басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сенімді қорғау және түсірілім жұмыстарының кедергісіз өтуіне барлық қажетті жағдайды жасау. Мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан әрбір қызмет кәсіби, үйлесімді әрі заң талаптарын қатаң сақтай отырып әрекет етуі тиіс, – деді Айдын Қабдұлдинов.
Кеңес барысында түсірілім алаңдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жоба қатысушыларын сүйемелдеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен және түсірілімді ұйымдастырушылармен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері жан-жақты пысықталды.
Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібі, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені алдын ала айқындалды.
Қазіргі уақытта полиция бөлімшелері халықаралық түсірілім тобы мүшелерінің, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді штаттық режимде орындауды жалғастыруда.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |
| 2 | ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 3 | ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 4 | Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 5 | Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды | 0 | 5 | 11-07-2026 |
| 6 | ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді | 0 | 7 | 13-07-2026 |
| 7 | Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді | 0 | 5 | 13-07-2026 |
| 8 | Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі | 6 | 7 | 11-07-2026 |
| 9 | Рейды МВД: тысячи подростков доставили в полицию | 0 | 7 | 07-07-2026 |
| 10 | ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді | 0 | 5 | 13-07-2026 |