Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі

Дата публикации: 11-07-2026 12:45:53

Атырау облысында 17 жылдық тәжірибесі бар учаскелік полицей қызмет ететін ауылда үш жылдан бері қылмыс тіркелмеген, - деп хабарлайды Polisia.kz. Мақат ауданындағы Байгетөбе ауылында соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Мыңнан астам тұрғыны бар елдімекендегі қоғамдық тәртіптің сақталуына тұрғындардың ұйымшылдығымен қатар, учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергеновтің де сүбелі үлесі бар. Ішкі істер органдарында 17 жылдан […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі

Атырау облысында 17 жылдық тәжірибесі бар учаскелік полицей қызмет ететін ауылда үш жылдан бері қылмыс тіркелмеген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақат ауданындағы Байгетөбе ауылында соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Мыңнан астам тұрғыны бар елдімекендегі қоғамдық тәртіптің сақталуына тұрғындардың ұйымшылдығымен қатар, учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергеновтің де сүбелі үлесі бар.

Ішкі істер органдарында 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан полиция қызметкері бүгінде Байгетөбе ауылына жауапты учаскелік полиция инспекторы. Ол тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштеріне жедел ден қояды және ауылдағы криминогендік ахуалды үнемі бақылауда ұстайды. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде Байгетөбе қылмыс тіркелмеген ауылдардың қатарына енді.

Тойғожа Азбергенов қылмыстарды жедел ашуда да мол тәжірибе жинақтаған. Соның бірі – Мақат кентіндегі мейрамханалардың біріне ұрлық жасамақ болған күдіктілер туралы хабарлама түскен сәт. Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік инспектор күдіктілерді ұстап, оларды жедел-тергеу тобына тапсырды.

Сонымен қатар қызмет барысында талай азаматқа дер кезінде көмек көрсеткен. Мәселен, мал іздеуге шығып, қайта оралмаған 64 жастағы бақташыны әріптесімен бірге жедел іздестіру барысында тауып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Азаматтың аман-есен табылуына полицейлердің жедел әрекеті себеп болды.

– Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмыстың ашылып, кінәлілердің жауапқа тартылғанын, жәбірленушілердің әділдікке қол жеткізгенін көру – қызметіміздің ең үлкен нәтижесі. Ал халықтың сенімі бізге одан әрі жауапкершілікпен еңбек етуге күш береді, – дейді Тойғожа Азбергенов.

Қазіргі таңда Атырау облысында 278 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Солардың қатарындағы Тойғожа Азбергенов үшін ең бастысы – ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі. Байгетөбедегі қоғамдық тәртіп – оның кәсібилігі мен полиция мен халық арасындағы өзара сенімнің айқын көрінісі.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды6411-07-2026
2ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда0511-07-2026
3ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
4Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді0511-07-2026
5ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді0513-07-2026
6Павлодарлық оқушылар криминалист рөлінде: арнайы полигонда айғақ іздеді0513-07-2026
7ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді0713-07-2026
8Джеки Чанның Алматыға сапары: халықаралық киножобаның қауіпсіздігі ерекше бақылауда0512-07-2026
9Алматыда есірткіге қарсы жаңа мурал ашылды0511-07-2026
10В Казахстане сообщили об отсутствии нарушений порядка на выборах в парламент0019-03-2023

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 6. Информативность: 7. Источник: polisia.kz.