Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді

Дата публикации: 21-09-2026 07:06:12

Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Онда қылмыстың аса қауіпті түрлерінің бірі – адам саудасының алдын алу мәселелері талқыланды. Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің адамдарды заңсыз әрекеттерге қалай тартуы мүмкін екенін, жұмысқа орналасу және шетелге шығу кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігін, сондай-ақ […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді

Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онда қылмыстың аса қауіпті түрлерінің бірі – адам саудасының алдын алу мәселелері талқыланды.

Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің адамдарды заңсыз әрекеттерге қалай тартуы мүмкін екенін, жұмысқа орналасу және шетелге шығу кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігін, сондай-ақ қандай жағдайлардан сақ болу қажет екенін түсіндірді.

Жеке қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелеріне де ерекше тоқталды. Студенттерге жұмыс беруші мен еңбек жағдайларын алдын ала тексеру, бейтаныс адамдарға құжаттары мен жеке деректерін бермеу, сондай-ақ күмәнді жағдайға тап болған кезде көмек сұраудан тартынбау қажеттігін айтты.

Кездесу соңында полицейлер сұрақтарға жауап беріп, қауіп төнген немесе құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болатынын түсіндірді.

Адам саудасының алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер облыстың білім беру ұйымдары мен тұрғындары арасында жалғады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
2Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды016.5421-09-2026
3Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
4Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
5Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті017.7814-08-2026
6Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
7Шымкентте жас сақшыларға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды019.9921-09-2026
8Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты019.5921-09-2026
9Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
10Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 19.96. Источник: polisia.kz.