Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Жас сақшы” сыныптарында білім алатын оқушыларына тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Танымдық сапар барысында оқушылар Түркістан өңіріндегі тарихи және мәдени маңызы зор нысандарға барды. Саяхаттың алғашқы бағыты – қасиетті Арыстан баб кесенесі болды. Оқушылар кесененің тарихымен танысып, оның қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды. Сапар барысында […]
21 Қыркүйек 2026 ж., 11:12 жарияланған 16
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Жас сақшы” сыныптарында білім алатын оқушыларына тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Танымдық сапар барысында оқушылар Түркістан өңіріндегі тарихи және мәдени маңызы зор нысандарға барды.
Саяхаттың алғашқы бағыты – қасиетті Арыстан баб кесенесі болды. Оқушылар кесененің тарихымен танысып, оның қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды.
Сапар барысында жас сақшылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, ұлы ойшылдың өмірі мен рухани мұрасы жөнінде тың ақпараттар алды.
Сонымен қатар Түркістан қаласындағы заманауи туристік нысандардың бірі – “Керуен Сарай” кешеніне барып, оның ерекшеліктерімен танысты.
Осындай тарихи-танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 2 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 3 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |
| 4 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 5 | Алматы облысында алқабилер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелді ақтады | 0 | 9.6 | 11-08-2026 |
| 6 | Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 7 | ҚазҰТБ-ның болашақ әскери мамандары алғашқы далалық тәжірибеден өтті | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 8 | 💙❄💙Зимняя Астана. Сердце Казахстана❄💙 🎁Бонус: посещение новой Республиканской мечети 🚍Автобусный ... | 0 | 8.31 | 17-09-2026 |
| 9 | САУАЛНАМА: Қазақстандықтардың 64%-і ешқандай жағдайда азаптауға жол беруге болмайды деп есептейді | 0 | 18.43 | 26-06-2026 |
| 10 | 📝 «Үүн-сайын» сайыҥҥы оскуола күннүгэ 🥳✨ Бүгүн П. Х. Староватов ... | 6 | 7 | 13-07-2026 |