Ресейде шекарадан өту үшін биометриялық дерек тапсыру сынағы енгізілгелі бері шамамен 70 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Мұны
Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Шекарадан өткенде биометриялық дерек тапсыру сынағы 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталған, әуелі Мәскеудің Шереметьево, Домодедово және Жуковский әуежайларында, сонымен бірге Орынбор облысындағы Маштаково шекара бекетінде енгізілді. Маштаково бекеті Қазақстанның "Сырым" шекара бекетінің (Батыс Қазақстан...
Ресейде шекарадан өту үшін биометриялық дерек тапсыру сынағы енгізілгелі бері шамамен 70 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Мұны
Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Шекарадан өткенде биометриялық дерек тапсыру сынағы 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталған, әуелі Мәскеудің Шереметьево, Домодедово және Жуковский әуежайларында, сонымен бірге Орынбор облысындағы Маштаково шекара бекетінде енгізілді. Маштаково бекеті Қазақстанның "Сырым" шекара бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) қарсы бетінде орналасқан.
Кейіннен Мәскеудің Внуково әуежайында да биометриялық дерек жинау тәртібі енгізілді. Ресми мәлімет бойынша, содан бері осы аталған шекара бекеттері арқылы шамамен 14 миллион шетелдік азамат өткен.
"Олардың шамамен 70 мыңы Ресейге кіруге рұқсат етілмеген адамдар тізіміне енгізілді", – деп хабарлады Ресейдің ішкі істер министрлігі.
Министрлік мәліметі бойынша, биометриялық жүйе биылғы маусым айында тағы 11 жерде: Санкт-Петербург, Новосибирск, Красноярск, Екатеринбург, Алтай өлкесі, Иркутск, Қорған, Новосибирск, Саратов, Орынбор және Омбы облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде орнатылған.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тәжікстанның арнайы қызметі Ауғанстанмен шекарадағы атыста 2 адам қаза болғанын айтты | 0 | 10.38 | 22-08-2026 |
| 2 | Kazakhstan Expands Digital Water Management as Pressure on Resources Grows | 0 | 5.64 | 04-08-2026 |
| 3 | Қазақстанда латынға көшуге бөлінген ақша бюджетке қайтарылды | 0 | 7.16 | 21-08-2026 |
| 4 | ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде | 0 | 5 | 12-07-2026 |
| 5 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 6 | Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады | 0 | 8.92 | 21-08-2026 |
| 7 | Тоқаев үндеу жасап, халықты сайлауда дауыс беруге шақырды | 0 | 11 | 21-08-2026 |
| 8 | В Казахстане с 2027 года планируют ввести контроль за расходами государственных служащих | 0 | 0 | 16-02-2022 |
| 9 | В Павлодарской области Казахстана удалось локализовать лесной пожар на площади 850 га | 0 | 0 | 16-07-2023 |