Тәжік-ауған шекарасындағы атыс кезінде екі ауған азаматы қаза болды. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне сүйенген "Азия-Плюс" басылымының жазуынша, екі ер адам Хатлон облысындағы Фатхобод ауданында шекарадан кесіп өтпек болған.
Ведомствоның дерегінше, қаза болғандар Ауғанстанның Тахор провинциясының Имам Сахиб ауданына қарасты Барзанги ауылынан шыққан, олар есірткіні шекарадан жасырын өткізуге тырысып, қауіпсіздік күштеріне қарумен қарсылық көрсеткен. Атыс...
Тәжік-ауған шекарасындағы атыс кезінде екі ауған азаматы қаза болды. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне сүйенген "Азия-Плюс" басылымының жазуынша, екі ер адам Хатлон облысындағы Фатхобод ауданында шекарадан кесіп өтпек болған.
Ведомствоның дерегінше, қаза болғандар Ауғанстанның Тахор провинциясының Имам Сахиб ауданына қарасты Барзанги ауылынан шыққан, олар есірткіні шекарадан жасырын өткізуге тырысып, қауіпсіздік күштеріне қарумен қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде екеуі де қаза болды. Ведомство оқиға нақты қай күні болғанын айтпады.
Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оқиға орнынан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы және 17 келі гашиш салынған екі рюкзак табылған. Тәжікстанның арнайы қызметі басқа да заттар тәркіленгенін хабарлады, бірақ нақты қандай зат екенін айтпады, деп жазады басылым.
Ауғанстанды бақылайтын "Талибан" қозғалысының өкілдері оқиғаға түсініктеме бермеді.
13 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің (ДҚА) директоры Зафар Самад 2026 жылдың алғашқы алты айында тәжік-ауған шекарасында есірткі тасымалдаушылармен жеті қарулы қақтығыс болғанын, 17 ауған азаматы қаза болғанын айтты.
Самадтың айтуынша, шамамен 1400 шақырымға созылатын тәжік-ауған шекарасы арқылы есірткіні жасырын өткізу талпынысы жиі кездеседі.
Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің мәліметі бойынша, тәжік құқық қорғау орган қызметкерлері соңғы алты айда осы аумақта 1513 келі есірткі тәркілеген. Ал былтыр осы аралықта 1692 келі есірткі тәркіленген.
Агенттіктің хабарлауынша, Ауғанстанда есірткі мен психотроптық заттар әлі де өндіріліп жатыр және оны дайындайтын астыртын зертханалар да істеп тұр.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Омбыдағы өрттен Қазақстан азаматы көз жұмды | 0 | 15.26 | 19-08-2026 |
| 2 | Түркияда он шақты өзбек азаматы күмәнді қаржы операцияларына байланысты тергеліп жатыр | 0 | 6.22 | 22-08-2026 |
| 3 | Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті | 0 | 10 | 21-08-2026 |
| 4 | Ресейде биометриялық дерек жинау енгізілгелі бері 70 мың шетелдік елге кіргізілмеген | 0 | 10.97 | 21-08-2026 |
| 5 | Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар | 0 | 13.78 | 21-08-2026 |
| 6 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | "Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды | 0 | 9.38 | 20-03-2026 |
| 8 | Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр | 0 | 9.8 | 08-04-2026 |
| 9 | В Казахстане пока не рассматривают вопрос о приеме беженцев из Афганистана | 0 | 0 | 18-08-2021 |
| 10 | Сайты ашылмайды, парақшасы бұғатталған. Азаттықты қайдан оқимыз? | 0 | 8.01 | 21-08-2026 |