Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды

Дата публикации: 20-03-2026 12:36:30

“Атажұрттың” қамалған белсенділерінің бірі Бекзат Мақсұтханұлына түрмеде провокация жасалған болуы мүмкін. 19 наурыз күні қамауда отырған «Атажұрт» белсенділерімен кездесіп шыққан соң туыстары мен жақтастары осылай деп мәлімдеді.
Талдықорғанға барып келген Әсен Нұрсәнұлының сол жақтан алған ақпараты бойынша, "Бекзат Мақсұтханұлымен бірге отырғандардың бәрі оған қарсы шығып, соңы жанжалға ұласқан". Кейін Мақсұтханұлын басқа камераға ауыстырған.
Бекзат Мақсұтханұлының өзі бұл жөнінде әйеліне ештеңе айтпаған.
“Бекзатпен кездестім, көзінің қызарып тұрғанын байқадым. Бәрі жақсы деді. Бірақ та алаңдап қалдым. Үйдегілер, сырттағылар аман ба деп сұрады. Содан кейін сыртқа шығып, видеоүндеу жарияладық соттың созылуына байланысты. Сол кезде іште бір қысым болып жатқанын азаматтардан. Бекзат бұрыннан ашылып айта бермейтін” деді Бекзат Мақсұтханұлының жұбайы Нұргүл Ибраева Азаттыққа.
Адвокаты Шынқуат Байжанов Азаттыққа бұдан хабарсыз екенін жеткізді. 20 наурызда Азаттық “Атажұрт” белсенділері отырған Талдықорғандағы тергеу изоляторына хабарласты. Телефон тұтқасын алған қызметкер “жанжал болғанын” жоққа шығарды. “Жоқ, ондай [жанжал] болған жоқ. Ол үшін ресми түрде сауал жіберіңіз” деді.
"Атажұрттың" 19 айыпталушысына "араздық қоздыру" бабы бойынша айып тағылып отыр. Айыптау актісінде белсенділер "масс-медианы пайдалана отырып, ұлттық алауыздық қоздыру, сонымен бірге қытай ұлтының өкілдеріне қатысты ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау мақсатында ұйымдасқан түрде жиналған" деп жазылған. Мемлекет тағайындаған сараптама наразылық туралы видеоларда "ұлтаралық" немесе "ұлттық алауыздық қоздыру" белгілері бар деген қорытынды жасаған.Ал белсенділердің адвокаты Шынқуат Байжанов істің саяси астары бар деп санайды. Оның пікірінше, белсенділер қытай халқына емес, Қытай билігінің қудалау саясатына қарсылық білдірген. Ал бұл араздық қоздыру емес – мемлекет саясатын сынау.Белсенділерге тым ауыр айып тағылғанын бұған дейін кейбір депутаттар да айтқан.Қылмыстық іске былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткен наразылық түрткі болған. Қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен. Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Ізінше белсенділер қамалып, әуелі әкімшілік жауапқа тартылды, кейін оларға қылмыстық іс бойынша айып тағылды.Бұған дейін АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Джеймс Макговерн Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 мүшесін дереу босатуға үндеген. Оның алдында осыған ұқсас үндеуді Amnesty International мен Human Rights Watch ұйымдары жасаған.Бұл іс бойынша сот процесі 2 сәуірде жалғасады.

Основное содержимое страницы с новостью.

“Атажұрттың” қамалған белсенділерінің бірі Бекзат Мақсұтханұлына түрмеде провокация жасалған болуы мүмкін. 19 наурыз күні қамауда отырған «Атажұрт» белсенділерімен кездесіп шыққан соң туыстары мен жақтастары осылай деп мәлімдеді.

Талдықорғанға барып келген Әсен Нұрсәнұлының сол жақтан алған ақпараты бойынша, "Бекзат Мақсұтханұлымен бірге отырғандардың бәрі оған қарсы шығып, соңы жанжалға ұласқан". Кейін Мақсұтханұлын басқа камераға ауыстырған.

Бекзат Мақсұтханұлының өзі бұл жөнінде әйеліне ештеңе айтпаған.

“Бекзатпен кездестім, көзінің қызарып тұрғанын байқадым. Бәрі жақсы деді. Бірақ та алаңдап қалдым. Үйдегілер, сырттағылар аман ба деп сұрады. Содан кейін сыртқа шығып, видеоүндеу жарияладық соттың созылуына байланысты. Сол кезде іште бір қысым болып жатқанын азаматтардан. Бекзат бұрыннан ашылып айта бермейтін” деді Бекзат Мақсұтханұлының жұбайы Нұргүл Ибраева Азаттыққа.

Адвокаты Шынқуат Байжанов Азаттыққа бұдан хабарсыз екенін жеткізді. 20 наурызда Азаттық “Атажұрт” белсенділері отырған Талдықорғандағы тергеу изоляторына хабарласты. Телефон тұтқасын алған қызметкер “жанжал болғанын” жоққа шығарды. “Жоқ, ондай [жанжал] болған жоқ. Ол үшін ресми түрде сауал жіберіңіз” деді.

  • "Атажұрттың" 19 айыпталушысына "араздық қоздыру" бабы бойынша айып тағылып отыр. Айыптау актісінде белсенділер "масс-медианы пайдалана отырып, ұлттық алауыздық қоздыру, сонымен бірге қытай ұлтының өкілдеріне қатысты ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау мақсатында ұйымдасқан түрде жиналған" деп жазылған. Мемлекет тағайындаған сараптама наразылық туралы видеоларда "ұлтаралық" немесе "ұлттық алауыздық қоздыру" белгілері бар деген қорытынды жасаған.
  • Ал белсенділердің адвокаты Шынқуат Байжанов істің саяси астары бар деп санайды. Оның пікірінше, белсенділер қытай халқына емес, Қытай билігінің қудалау саясатына қарсылық білдірген. Ал бұл араздық қоздыру емес – мемлекет саясатын сынау.
  • Белсенділерге тым ауыр айып тағылғанын бұған дейін кейбір депутаттар да айтқан.
  • Қылмыстық іске былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткен наразылық түрткі болған. Қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен. Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Ізінше белсенділер қамалып, әуелі әкімшілік жауапқа тартылды, кейін оларға қылмыстық іс бойынша айып тағылды.
  • Бұған дейін АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Джеймс Макговерн Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 мүшесін дереу босатуға үндеген. Оның алдында осыған ұқсас үндеуді Amnesty International мен Human Rights Watch ұйымдары жасаған.
  • Бұл іс бойынша сот процесі 2 сәуірде жалғасады.
Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1АҚШ Конгресінің комиссиясы Орталық Азиядағы адам құқығы жайлы тыңдау өткізді08.3624-07-2026
2Қазақстанда "сайлау барысына кедергі келтірді" деген баппен сотталған жалғыз адамға амнистия қолданылмайды08.4503-06-2026
3Бюллетеньді алған кім? Құқық қорғаушының орнына басқа адам дауыс берген 012.6417-03-2026
4Еуроодақ елшісі: Брюссельде Тоқаев қатысқан кездесуде адам құқығы мәселесі қозғалды06.0603-07-2026
5"Жаназаға ғана баруға рұқсат". Қоғамдық қызметіне тыйым салынған қазақстандықтар қалай күн кешеді?0901-07-2026
6Депутат Перуашев президент Тоқаевтың сын сөзі сабақ болатынын айтты07.6503-06-2026
7Сестру активиста Серикжана Билаша увезли в полицию после обыска в ее доме в Алматинской области0526-06-2026
8Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр 09.808-04-2026
9Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды2602-07-2026
10Токаев: целью пришедших извне в Алма-Ату бандитов был захват власти0017-02-2022

Классификация: Международные. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 9.38. Источник: www.azattyq.org.