Қазақстанда Қылмыстық кодексінің 150-бабы ("Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау") бойынша істі болып, жақында сотталған жалғыз адам – Elge Qaitaru қорының жетекшісі Оразалы Ержановқа амнистия қолданылмайды. Өйткені ол бап қазір парламент қарап жатқан аминистия туралы заң жобасында жоқ. Мұны сәрсенбі күні парламентте өткен брифингте Азаттық тілшісінің сұрағына берген жауабында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.
"Рақымшылық заңы жеке тұлғаларға, субъектілерге қатысты қабылданбайды. Бізде белгілі бір баптар бұл заңның аясына ілікпеді, мысалы, террористер, экстремистер, сыбайлас жемқорлық, жас жеткіншектерге қатысты зорлау қылмыстары, сонымен қатар қоғамның тыныштығын бұзатын қылмыстар. Ал 150-бап конституциялық құқықтарға қайшы іс-әрекеттер бөліміне жатқызылғандықтан ілінбеді, бұрын да рақымшылық заңдарында бұл бапқа қатысты қолданылмаған", деді депутат Құспан.
Мәжіліс 3 маусым күні Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, рақымшылыққа 15 мыңнан астам адам ілінбек. Олардың ішінде 5 мыңнан астамы бас еркіндігінен айыру жазасын өтеп жатыр, шамамен 10 мыңы пробациялық бақылауда тұр.
Бұған қоса ел тарихындағы алғашқы әкімшілік рақымшылық аясында 1,4 млн құқық бұзушылық бойынша шамамен 21,2 млрд теңге айыппұл кешірілмек.
Депутаттар негізгі заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді 3 маусымда екінші оқылымда қарап, түпкілікті қабылдауды жоспарлап отыр.
Заңсыз алынған активтерді қайтару мәселелерімен айналысатын Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі Оразалы Ержанов биыл ақпанда елде талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасын сынға алып, осы құжат бойынша өтетін референдумге бойкот жариялауға шақырған. Көп ұзамай қамауға алынып, билік оның үстінен "сайлау барысына кедергі келтіру" бабымен іс қозғаған. Өткен айда Алматының Алмалы аудандық соты Ержановтың бостандығын 4 жылға шектеу және 5 жыл қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім шығарған.
Тағылған айыппен келіспеген Оразалы Ержанов соттағы соңғы сөзінде жаңа Конституция жобасына қарсы үгіт-насихат жүргізу қылмыс емес деп мәлімдеген.

| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | "Жаназаға ғана баруға рұқсат". Қоғамдық қызметіне тыйым салынған қазақстандықтар қалай күн кешеді? | 0 | 9 | 01-07-2026 |
| 2 | Прокурор белсенді Ермек Нарымбаевқа 3 жыл бостандығынан айыру жазасын сұрады | 0 | 8.74 | 23-07-2026 |
| 3 | "Өшпенділік рупоры": Қазақстанда "шетел агенттерін" кім және не үшін іздеп жүр? | 0 | 9.7 | 08-07-2026 |
| 4 | "Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды | 0 | 9.38 | 20-03-2026 |
| 5 | Депутат Перуашев президент Тоқаевтың сын сөзі сабақ болатынын айтты | 0 | 7.65 | 03-06-2026 |
| 6 | Бюллетеньді алған кім? Құқық қорғаушының орнына басқа адам дауыс берген | 0 | 12.64 | 17-03-2026 |
| 7 | В Казахстане впервые законодательно разрешили административную амнистию | 0 | 5 | 01-07-2026 |
| 8 | Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр | 0 | 9.8 | 08-04-2026 |
| 9 | Новая конституция Казахстана позволяет Токаеву переизбраться на пост | 0 | 5 | 08-07-2026 |
| 10 | Токаев заявил о начале новой эры в Казахстане | 5 | 7 | 01-07-2026 |