Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Таразда педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Дата публикации: 07-08-2018 11:25:48


Тараз қаласы тұрғындарының назарына! 2018 жылдың 17 тамыз айында «Педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды. Олардың арасында Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының өкілдері болады. Жыл сайын дәстүрге айналған жәрмеңке биыл педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары және өнер саласында мамандар даярлаудың жекелеген бағыттары бойынша […]
Сообщение Таразда педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Таразда педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Тараз қаласы тұрғындарының назарына! 2018 жылдың 17 тамыз айында «Педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Олардың арасында Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының өкілдері болады.

Жыл сайын дәстүрге айналған жәрмеңке биыл педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары және өнер саласында мамандар даярлаудың жекелеген бағыттары бойынша ұйымдастырылмақ.

Жәрмеңкеге арнайы келетін мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері келген қонақтарға қандай бос жұмыс орындары бар екенін, оған қалай орналасуға болатынын, үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын түсіндіріп, жұмыс беруші әр мекеме өз жұмыстарымен, бос жұмыс орындарымен таныстырады.

– Жәрмеңке қатысушыларға өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға мүмкіндік тудырса, ал жұмыс берушілер үшін түлектердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайды. Шара жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешетін маңызды механизм болып табылады, – дейді мамандар.

Жамбыл облыстық білім басқармасы  және  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы негізінде бекітілген  жоспарға сәйкес ұйымдастырылған бос жұмыс орны жәрмеңкелерінде түрлі ұйымдар тарапынан сұраныс, әсіресе, педагогикалық және жаратылыстану бағытында оқыған жас мамандарға көптеп түскен.

Ал, мұндай іс-шараның болатынынан хабардар болып, өзіне лайықты жұмысты іздеп келген мамандардың қатарында әсіресе, оқу бітірген жас мамандарды көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі — Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі Алена Грицинина. Ол жоғарғы оқу орнында сәнді киім және қолданбалы дизайнер мамандығы бойынша білім алған. Алайда, тұрақты еңбек көзін таппай жүргеніне біраз уақыт өткен ол бар үмітін жәрмеңкеде, — дейді.

Айта кетейік, Халықты жұмыспен қамтудың 2011 – 2020 жыл­дарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олар­дың тұ­рақ­ты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуына жәр­дем­десу арқылы халықтың табысын арттыру бо­лып та­былады. Еліміздің экономикасы дамыған сайын мем­­лекеттің әлеуметтік салада ұстанған саясаты да бар­ған сайын тереңдеп, қанатын кеңге жайып келеді.

Өтетін орны: Тараз қаласы, «Салтанат» мөлтек ауданы, №30 мектеп гимназиясы, басталуы сағат 9.00-де.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!021.3410-07-2018
2Тараз қаласы тұрғындарының назарына!020.3517-10-2018
3Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!017.3931-10-2018
4Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары019.6812-12-2018
5Таразда «Жаңа медиа және болашақ» атты форум өтеді (ВИДЕО)017.9812-12-2018
6Құрметті футбол жанкүйерлері!019.227-04-2021
7Жұмыс берушілердің назарына029.3812-12-2018
8Жыртық аяқ киім023.322-04-2021
9Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
10Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 16.58. Источник: zhambylnews.kz.