Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Құрметті футбол жанкүйерлері!

Дата публикации: 27-04-2021 12:37:46


«Тараз» футбол клубы ел чемпионатының алғашқы турларында белсенділік танытып, қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге шынайы алғыс айтады. Сіздердің демеулеріңіздің арқасында маңызды матчтарда ұпай алып, турнир кестесінде үшінші сатыда тұр. Сіздердің жанкүйерлік көрсетіп, футболға деген махабаттарыңыз үшін сөзсіз қуаныштымыз! Өкінішке қарай, 28 сәуір күні «Ақтөбе» командасымен болатын кездесу көрерменсіз өтеді. Өздеріңіз білетіндей, эпидемиологиялық ахуалға байланысты, Жамбыл облысының бас […]
Сообщение Құрметті футбол жанкүйерлері! появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Құрметті футбол жанкүйерлері!

«Тараз» футбол клубы ел чемпионатының алғашқы турларында белсенділік танытып, қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге шынайы алғыс айтады. Сіздердің демеулеріңіздің арқасында маңызды матчтарда ұпай алып, турнир кестесінде үшінші сатыда тұр. Сіздердің жанкүйерлік көрсетіп, футболға деген махабаттарыңыз үшін сөзсіз қуаныштымыз! Өкінішке қарай, 28 сәуір күні «Ақтөбе» командасымен болатын кездесу көрерменсіз өтеді.

Өздеріңіз білетіндей, эпидемиологиялық ахуалға байланысты, Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, халық көп жиналатын спорттық іс-шараларға көрермен кіргізуге тыйым салынды.

Әрине, бұл маңызды матчта командаға қолдау білдіретін жанкүйерлердің стадионда болмайтыны өкінішті. Бірақ, азаматтардың денсаулығы мен эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы одан да маңызды.

Жуық арада жағдай қалпына келіп, көрермендер стадионға қайта оралады деп үміттенеміз. Бұл жағдайға түсіністік танытады деп ойлаймыз.

Хабарлай кетейік, біздің команданың қатысуымен өтетін матчтар pflk.kz, sportrecs.com сайттарында, Qazsport және Qsport extra телеарналарында тамашалауға болады.

Клуб жаңалықтары мен хабарламаларды команданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқи жүріңіздер.

«Тараз» кәсіпқой футбол клубының баспасөз қызметі

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!021.3410-07-2018
2Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары019.6812-12-2018
3Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!017.3931-10-2018
4Таразда «Жаңа медиа және болашақ» атты форум өтеді (ВИДЕО)017.9812-12-2018
5Таразда педагогикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді016.5807-08-2018
6Таразда Ұлттық ұланның қазақ күресінен чемпионаты өтті0503-07-2026
7Құрметті қала тұрғындары!015.9313-02-2019
8Жұмыс берушілердің назарына029.3812-12-2018
9Тараз қаласы тұрғындарының назарына!020.3517-10-2018
10Камиль Герейханов стал серебряным призёром чемпионата Казахстана по футзалу0501-07-2026

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 19.2. Источник: zhambylnews.kz.