Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстандық студенттер ABU Robocon 2026 халықаралық чемпионатында жүлдеге ие болды

Дата публикации: 26-08-2026 09:08:00

Байқауға 21 елдің университет командалары қатысты.

Основное содержимое страницы с новостью.

Байқауға 21 елдің университет командалары қатысты.

Гонконгта өткен ABU Robocon 2026 робототехникадан халықаралық чемпионатында Қазақстан атынан қатысқан Назарбаев Университетінің BULAN командасы Mabuchi Motor Award жүлдесіне ие болды. Mabuchi Motor Award инженерлік шешімдердің бірегейлігі, механикалық конструкцияның сапасы, сондай-ақ механикалық, электрондық және бағдарламалық компоненттерді тиімді үйлестіре білгені үшін беріледі.

Қазақстанның ABU Robocon 2026 чемпионатына қатысуы еліміздің жеті жылдық үзілістен кейін халықаралық жарысқа қайта оралуы болды. Биыл ұлттық іріктеуді өткізу және ел құрамасын жасақтау жұмыстарын USTEM Foundation ҚҚ ұйымдастырды.

Ұлттық кезең 1 шілдеде Almaty Tech Cup аясында өтті. Оның қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің BULAN командасы жеңімпаз атанып, Гонконгтағы халықаралық финалда Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды. Қазақстан құрамасына механика, электроника, бағдарламалау, дизайн және жобаларды басқару бағыттарын қоса алғанда, түрлі мамандықтар бойынша білім алып жүрген 28 студент енді. Мұндай пәнаралық тәсіл робототехникалық шешімдерді әзірлеу мен дайындау барысында инженерлік және цифрлық құзыреттерді ұштастыруға мүмкіндік берді. Халықаралық кезеңде Қазақстан атынан Мейіржан Таздарбай, Темірлан Амангелді, Аймедет Тауфик, Фаршед Иброхимов және Дастан Мусрепов өнер көрсетті.

Mabuchi Motor Award — шағын электр қозғалтқыштарын өндіретін жапондық Mabuchi Motor компаниясының арнайы жүлдесі. Ол жобалауда бірегей тәсіл, механикалық инженерияның жоғары деңгейін және технологиялық шешімдерді кешенді қолдану шеберлігін көрсеткен командаларға табысталады.

Қазақстандық команданың ABU Robocon 2026 чемпионатындағы нәтижесі студенттік инженерия мен робототехника саласындағы әлеуеттің артып келе жатқанын, сондай-ақ қазақстандық жас әзірлеушілердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Казахстанские школьники завоевали 23 награды на международном чемпионате по робототехнике020.6626-08-2026
2Казахстанский школьник вошел в пятерку лучших молодых программистов мира018.8626-08-2026
3Алматыда Го ойынының «Kunanbayev Cup – 2026» халықаралық турнирі басталды011.7217-07-2026
4Kazakhstan wins 23 awards FIRST LEGO League Asia Open Championship in Beijing016.6619-08-2026
5Kazakh school student among world’s top five young programmers016.9915-08-2026
6Kolesa JunDay’26. Алматы0518-03-2026
7Участвуйте в конкурсе «Лучший студент СНГ»: прием заявок до 17 апреля 2026 года0505-04-2026
8ГУАП успешно выступил на XI чемпионате «Молодые профессионалы Роскосмоса — 2026»5713-07-2026
9Студенты АлтГУ приняли участие в краевой школе командных составов - 2026 с космической тематикой0506-05-2026

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 22.5. Источник: profit.kz.