Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 21 тамыз

Дата публикации: 20-08-2026 19:01:00

21 тамызда не болғанын білесіз бе?

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260821/bugin-qazaqstanda-zhane-alemde-qanday-mereke-21-tamyz-65878822.html

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 21 тамыз

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 21 тамыз

Sputnik Қазақстан

21 тамызда не болғанын білесіз бе? 21.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-21T00:01+0500

2026-08-21T00:01+0500

2026-08-21T00:01+0500

бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе

қызықты деректер

https://sputnik.kz/img/1105/74/11057421_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_5ad607a6eb5134136a8cf115abf6cd89.jpg

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дереқорынан біле аласыз.21 тамызда әлемде қандай айтулы оқиға болдыБүгін – Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу және қастерлеу күні. Мереке 2017 жылдың желтоқсанында бекітілген болатын. Жаңа датаның мақсаты – терроризм құрбандары мен лаңкестіктен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету. Адам құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық деңгейлерде заңның үстем болуы терроризмнің алдын алу мен оған қарсы күресте маңызды рөл ойнайды. Бүгінде терроризм әлем елдерінің ортақ проблемасына айналды.Ресейде Офицер күні аталып өтеді. Мерекенің пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл датаны бекіту бастамасын "Ресей офицерлері" қоғамдық ұйымы көтерген. Атаулы күн ресми мәртебеге ие болмаса да, гарнизондарда, әскери бөлімдер мен Офицерлер үйінде өткізілетін мерекелік шаралар саны жыл сайын артып келеді. Офицерлер құрамы – мемлекет армиясының бет-бейнесі, оның негізі мен тірегі. Командирлердің кәсібилігі, тәжірибесі мен сауатты тактикасына дисциплина мен тәртіп қана емес, армияның жауынгерлік дайындығы да байланысты. Ал бұл елдегі бейбітшілік мен тыныштық офицерлердің қолында деген сөз.Сондай-ақ, бүгін Филиппинде Ниной Акино күні мерекеленеді. Мереке сенатор кіші Бенигно Акиноны еске алу құрметіне бекітілді. Саяси қайраткер 1983 жылы Манила халықаралық әуежайында қаза болған еді. 2004 жылы Акиноның көз жұмған күні ұлттық мереке және демалыс болып жарияланды. Кіші Бенигно Симеон "Нино" Акино – филиппиндік сенатор және Тарлак провинциясының бұрынғы губернаторы. Президент және диктатор Фердинанд Маркостың саясатына қарсы оппозиция лидерлерінің бірі. Елде әскери жағдай енгізілгеннен кейін, Акино қамауға алынды. Біраз уақыт түрмеде жатқан соң, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Филиппинде саяси ахуал ушыға бастаған кезде, Акино елге келіп, Маркоспен кездесуге бел буады. Өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген Акино ұшақтан түсер алдында үстіне бронежилет киеді. Алайда бұл оны құтқарған жоқ: оппозиционер 1983 жылы 21 тамызда басына оқ тиіп көз жұмды. Демократия үшін өмірін қиған Ниной Акиноны еске алу күні мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.21 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1860 жылы Британиялық Колумбияда (Канада) алтын табылды;1911 жылы Леонардо да Винчидің "Мона Лизасы" Луврдан ұрланды. Картина екі жылдан кейін табылды;1924 жылы Пушкин атындағы мемлекеттік қорық ашылды;1932 жылы Италияның Венеция қаласында тұңғыш рет халықаралық кинофестиваль өтті;1959 жылы Гавай аралдары АҚШ-тың құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды;1968 жылы Варшава шарты елдерінің әскерлері Чехословакияға кірді. Бұл "Прага көктемі" реформаларының тоқтатылуына әкелді;1986 жылы Камерундағы Ньос көлінде газ атқылап, шамамен 1700 адам қаза тапты;1991 жылы Латвия тәуелсіздігін толық қалпына келтірді. Бұл КСРО-ның ыдырау үдерісіндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.21 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1947 жылы Семей полигонының орталығы болған Курчатов қаласы құрылды;1991 жылы президент жарлығымен Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды;1992 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді;2000 жылы Алматыда украин халқының белгілі ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші ашылды;2012 жылы Астанада "Қазмедиа орталығы" телерадиокешені ашылды;2015 жылы Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Бұланты шайқасы" монументі ашылды;2016 жылы Павлодарда Малайсары батырға ескерткіш орнатылды.21 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар1798 жылы француз тарихшысы, публицист Жюль Мишле дүниеге келді;1871 жылы орыс жазушысы Леонид Андреев туды;1921 жылы латвиялық театр және кино актрисасы Вия Артмане өмірге келді;1952 жылы британдық музыкант, The Clash тобының әншісі әрі гитарисі Джо Страммер дүниеге келді;1956 жылы америкалық актриса Ким Кэттролл туды;1965 жылы канадалық актриса Келли Роуэн дүниеге келді;1973 жылы америкалық миллиардер, Google негізін қалаушы Сергей Брин өмірге келді;1987 жылы биатлоннан ресейлік олимпиада чемпионы Антон Шипулин туды;1987 жылы америкалық баскетболшы Джордан Хилл дүниеге келді;1989 жылы америкалық актриса Хейден Пэнеттьери дүниеге келді.21 тамызда Қазақстанда кімдер туды1889 жылы опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Казакевич дүниеге келді;1935 жылы баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері Шора Юмашев өмірге келді;1952 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Достияров дүниеге келді;1964 жылы мемлекет қайраткері және дипломат, бұрынғы сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов дүниеге келді;1968 жылы жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді Мырзабек туды.

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/1105/74/11057421_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_79f104cea2b4a7118f1b3eaa7edb7078.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер

бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер

21 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дереқорынан біле аласыз.

21 тамызда әлемде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу және қастерлеу күні. Мереке 2017 жылдың желтоқсанында бекітілген болатын. Жаңа датаның мақсаты – терроризм құрбандары мен лаңкестіктен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету. Адам құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық деңгейлерде заңның үстем болуы терроризмнің алдын алу мен оған қарсы күресте маңызды рөл ойнайды. Бүгінде терроризм әлем елдерінің ортақ проблемасына айналды.

Ресейде Офицер күні аталып өтеді. Мерекенің пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл датаны бекіту бастамасын "Ресей офицерлері" қоғамдық ұйымы көтерген. Атаулы күн ресми мәртебеге ие болмаса да, гарнизондарда, әскери бөлімдер мен Офицерлер үйінде өткізілетін мерекелік шаралар саны жыл сайын артып келеді. Офицерлер құрамы – мемлекет армиясының бет-бейнесі, оның негізі мен тірегі. Командирлердің кәсібилігі, тәжірибесі мен сауатты тактикасына дисциплина мен тәртіп қана емес, армияның жауынгерлік дайындығы да байланысты. Ал бұл елдегі бейбітшілік мен тыныштық офицерлердің қолында деген сөз.

Сондай-ақ, бүгін Филиппинде Ниной Акино күні мерекеленеді. Мереке сенатор кіші Бенигно Акиноны еске алу құрметіне бекітілді. Саяси қайраткер 1983 жылы Манила халықаралық әуежайында қаза болған еді. 2004 жылы Акиноның көз жұмған күні ұлттық мереке және демалыс болып жарияланды. Кіші Бенигно Симеон "Нино" Акино – филиппиндік сенатор және Тарлак провинциясының бұрынғы губернаторы. Президент және диктатор Фердинанд Маркостың саясатына қарсы оппозиция лидерлерінің бірі. Елде әскери жағдай енгізілгеннен кейін, Акино қамауға алынды. Біраз уақыт түрмеде жатқан соң, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Филиппинде саяси ахуал ушыға бастаған кезде, Акино елге келіп, Маркоспен кездесуге бел буады. Өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген Акино ұшақтан түсер алдында үстіне бронежилет киеді. Алайда бұл оны құтқарған жоқ: оппозиционер 1983 жылы 21 тамызда басына оқ тиіп көз жұмды. Демократия үшін өмірін қиған Ниной Акиноны еске алу күні мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.

21 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1860 жылы Британиялық Колумбияда (Канада) алтын табылды;

1911 жылы Леонардо да Винчидің "Мона Лизасы" Луврдан ұрланды. Картина екі жылдан кейін табылды;

1924 жылы Пушкин атындағы мемлекеттік қорық ашылды;

1932 жылы Италияның Венеция қаласында тұңғыш рет халықаралық кинофестиваль өтті;

1959 жылы Гавай аралдары АҚШ-тың құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды;

1968 жылы Варшава шарты елдерінің әскерлері Чехословакияға кірді. Бұл "Прага көктемі" реформаларының тоқтатылуына әкелді;

1986 жылы Камерундағы Ньос көлінде газ атқылап, шамамен 1700 адам қаза тапты;

1991 жылы Латвия тәуелсіздігін толық қалпына келтірді. Бұл КСРО-ның ыдырау үдерісіндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.

21 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1947 жылы Семей полигонының орталығы болған Курчатов қаласы құрылды;

1991 жылы президент жарлығымен Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды;

1992 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді;

2000 жылы Алматыда украин халқының белгілі ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші ашылды;

2012 жылы Астанада "Қазмедиа орталығы" телерадиокешені ашылды;

2015 жылы Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Бұланты шайқасы" монументі ашылды;

2016 жылы Павлодарда Малайсары батырға ескерткіш орнатылды.

21 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1798 жылы француз тарихшысы, публицист Жюль Мишле дүниеге келді;

1871 жылы орыс жазушысы Леонид Андреев туды;

1921 жылы латвиялық театр және кино актрисасы Вия Артмане өмірге келді;

1952 жылы британдық музыкант, The Clash тобының әншісі әрі гитарисі Джо Страммер дүниеге келді;

1956 жылы америкалық актриса Ким Кэттролл туды;

1965 жылы канадалық актриса Келли Роуэн дүниеге келді;

1973 жылы америкалық миллиардер, Google негізін қалаушы Сергей Брин өмірге келді;

1987 жылы биатлоннан ресейлік олимпиада чемпионы Антон Шипулин туды;

1987 жылы америкалық баскетболшы Джордан Хилл дүниеге келді;

1989 жылы америкалық актриса Хейден Пэнеттьери дүниеге келді.

21 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1889 жылы опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Казакевич дүниеге келді;

1935 жылы баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері Шора Юмашев өмірге келді;

1952 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Достияров дүниеге келді;

1964 жылы мемлекет қайраткері және дипломат, бұрынғы сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов дүниеге келді;

1968 жылы жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді Мырзабек туды.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 тамыз021.1619-08-2026
2Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 тамыз021.8921-08-2026
3Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 тамыз021.8918-08-2026
4Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды015.2612-08-2026
5Қазақстан жылқы етіне арналған әлемдегі алғашқы стандартты әзірлеуді ұсынды08.9220-08-2026
6"Ұлына бәрін айтқан": Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлады деген күдікке ілінді01521-08-2026
7Найзағай, жаңбыр және бұршақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады07.2321-08-2026
8Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар013.7821-08-2026
9"Санитариялық нормаларды бұзған": Қостанай облысындағы сауықтыру орталығы жабылды01014-08-2026
10Семь бед - один даркнет020.5312-08-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 21.89. Источник: sputniknews.kz.