Уақыт өте ең әдемі интерьердің өзі жалықтыра бастайды. Ал үйге қайта-қайта жөндеу жұмыстарын жасау үлкен қаражатты қажет етеді. Үй дизайнын жаңартудың 6 қарапайым әдісін ұсынамыз. 1. Артық заттан арылыңыз Сөрелерді барлық ұсақ-түйектен тазартыңыз. Бұрын өзіңіз су жағасынан әкелген немесе біреу сыйлаған бақалшақтар мен тастар, ескі шамдар, кәдесыйлар және басқа да заттар көрінетін жерде емес, шкафтың […]
Сообщение Үй дизайнын жаңартудың 6 әдісі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Уақыт өте ең әдемі интерьердің өзі жалықтыра бастайды. Ал үйге қайта-қайта жөндеу жұмыстарын жасау үлкен қаражатты қажет етеді. Үй дизайнын жаңартудың 6 қарапайым әдісін ұсынамыз.
1. Артық заттан арылыңыз
Сөрелерді барлық ұсақ-түйектен тазартыңыз. Бұрын өзіңіз су жағасынан әкелген немесе біреу сыйлаған бақалшақтар мен тастар, ескі шамдар, кәдесыйлар және басқа да заттар көрінетін жерде емес, шкафтың ішінде қорапта тұрғаны жөн. Біріншіден, олардың барлығы шаң жинайды. Екіншіден, ұзақ уақыт бойы көз алдында тұрғандықтан олар сізге еш эмоция сыйламайды. Интерьерде артық зат болмаған оны жинақы әрі әдемі етіп көрсетеді.
Бөлмені жаңартуға жиһаздың орнын ауыстыру көмектеседі. Тіпті, тек креслоны бір бұрыштан басқа бұрышқа ауыстырсаңыз, ол бөлмеге басқаша күй сыйлайды. Мұндай өзгерісті аз-аздан бастасаңыз болады: терезенің алдындағы гүлді үстелдің үстіне қойыңыз, күшіңіз жететін шағын шкафтарды (тумбочка) басқа жерге ысырыңыз.
3. Жиектеме салынған суреттерді қолданыңыз
Бөлмені қабырғаға ілінген жаңа картиналар мен суреттер жаңарта алады. Сүйікті суреттеріңізді шығартып, қабырғаға іліңіз. Суретті қандай да бір идеямен шығартуға болады. Мысалы, кинотеатрдағы соңғы шыққан фильмдердің постерлер стилінде бастырып шығартыңыз. Суреттерді шағын және әдемі жиектемелерге салыңыз.

4. Заттарды жаңартыңыз
Кілем, гүл, ыдыс, перде және т.б. заттарды ауыстыру үйге басқа атмосфера сыйлайды. Оларға көп ақша кетпейді. Мысалы, асүйге жаңа дастархан алғанда асүйдің атмосферасының өзгеретінін және көңіл күйіңізге жағымды әсер ететінін байқаған боларсыз.
5. Аспалы шамды немесе оның қалпағын (плафон) өзгертіңіз
Жарық шамдары үйдің ішінде маңызды рөл атқарады. Егер мүмкіндік болса, аспалы шамды ауыстыруға немесе оның қалпағының басқа түсін алуға болады. Сонымен қатар, егер кешке үйдің іші қараңғылау секілді көрінсе, жарықтың басқа жаңа көздерін алуға тырысыңыз.
6. Кітаптарды түсі (өлшемі) бойынша қойып шығыңыз
Егер үйде кітаптар тұратын шкаф болса, оларды түстері, өлшемі бойынша қойып шығыңыз. Кітаптарды қайта реттеу кезінде оларды сұрыптайсыз. Яғни, кей кітаптарды біреуге беруіңіз мүмкін немесе кітаптармен араласып жатқан керек емес қағаздарды тастайсыз. Сонымен қатар, ұқыпты қойылған кітаптар бөлмеге жылпы жинақылық сыйлап тұрады.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары | 0 | 17.42 | 10-01-2024 |
| 2 | Асүйдегі ең қауіпті 5 зат | 0 | 20.62 | 17-10-2024 |
| 3 | Воронежцы снова пожаловались на переполненные маршрутки | 0 | 0 | 18-11-2021 |
| 4 | “Manifestações de racismo devem ser repudiadas”, diz PCP | 0 | 0 | 17-02-2020 |
| 5 | Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі | 0 | 17.14 | 01-08-2024 |
| 6 | LEI Nº 13.475, DE 28 DE AGOSTO DE 2017 | 0 | 0 | 03-03-2020 |
| 7 | 9 new and notable Android apps from the last three weeks including Wacom Notes, Brainstorm: Creativity Trainer, and HeyPal (10/23/21 - 11/13/21) | 0 | 0 | 13-11-2021 |
| 8 | 👍 В рамках проведения мероприятий по соблюдению Правил благоустройства территории ... | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 9 | Facebook: A Swiss Army Knife is good but a Tool Set is better – thnxz @martinvars | 0 | 0 | 25-05-2013 |
| 10 | Слабые результаты за 2П24 еще не учтены в цене акций Распадской - инвестбанк "Синара" | 0 | 0 | 21-02-2025 |