Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Абай облысында полицейлер аяғына шыны кірген баланы 12 минутта ауруханаға жеткізді

Дата публикации: 16-08-2026 06:57:00

Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260816/abay-oblysynda-politseyler-ayagyna-shyny-kirgen-balany-12-minutta-aurukhanaga-zhetkizdi-65749893.html

Абай облысында полицейлер аяғына шыны кірген баланы 12 минутта ауруханаға жеткізді

Абай облысында полицейлер аяғына шыны кірген баланы 12 минутта ауруханаға жеткізді

Sputnik Қазақстан

Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті 16.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-16T11:57+0500

2026-08-16T11:57+0500

2026-08-16T11:57+0500

абай облысы

полицей

https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg

АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Абай облысында полиция қызметкерлері аяғына шыны кірген баланы 12 минутта ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.15 тамыз күні Абай облысының полицейлерінен Семей – Өскемен автожолында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған.Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне салонда бес жасар баланың аяғынан терең жарақат алып, қатты қансырап жатқанын айтқан.Анасының айтуынша, Жаңасемей ауданына қарасты Гранитный ауылында тұратын баласы аулада ойнап жүріп, сыртқы есікке шықпақ болған. Сол сәтте кіреберіс есіктің шынысы сынып, баланың аяғын терең жарақаттаған.Баланың жағдайының ауыр екенін түсінген полиция қызметкерлері Еламан Масалимов пен Медет Смагулов уақыт жоғалтпай, анасы мен баланы патрульдік автокөлікке отырғызып, облыстық ауруханаға қарай бет алған.Полицейлер жарақат алған баланы 12 минут ішінде облыстық аурухананың балаларды қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті.Осындай сәтте әр секундтың маңызы зор. Полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекеті баланың уақыт жоғалтпай медициналық көмек алуына мүмкіндік берді.

https://sputnik.kz/20260730/aqtauda-politseyler-10-qabattagy-terezeden-shygyp-turgan-balany-qutqardy-65332361.html

абай облысы

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

абай облысы, полицей

Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті

АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Абай облысында полиция қызметкерлері аяғына шыны кірген баланы 12 минутта ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

15 тамыз күні Абай облысының полицейлерінен Семей – Өскемен автожолында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне салонда бес жасар баланың аяғынан терең жарақат алып, қатты қансырап жатқанын айтқан.

Анасының айтуынша, Жаңасемей ауданына қарасты Гранитный ауылында тұратын баласы аулада ойнап жүріп, сыртқы есікке шықпақ болған. Сол сәтте кіреберіс есіктің шынысы сынып, баланың аяғын терең жарақаттаған.

Баланың жағдайының ауыр екенін түсінген полиция қызметкерлері Еламан Масалимов пен Медет Смагулов уақыт жоғалтпай, анасы мен баланы патрульдік автокөлікке отырғызып, облыстық ауруханаға қарай бет алған.

Полицейлер жарақат алған баланы 12 минут ішінде облыстық аурухананың балаларды қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті.

"Баламның аяғынан қан тоқтамай, қатты қорқып кеттім. Не істерімді білмей, жолда полицейлерді көріп, көмек сұрадым. Олар бірден бізге көмектесіп, баламды көлікке отырғызды. Бар болғаны 12 минуттың ішінде ауруханаға жеткізді. Мен үшін сол сәтте бұл үлкен көмек болды. Полицейлерге шын жүректен алғыс айтамын", – деді баланың анасы.

Осындай сәтте әр секундтың маңызы зор. Полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекеті баланың уақыт жоғалтпай медициналық көмек алуына мүмкіндік берді.

Ақтауда полицейлер 10-қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Саябақта екі қызға тиіскен ер адам қамауға алынды015.2615-08-2026
2"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды01014-08-2026
3СМИ: при освобождении горадминистрации Актобе ранены семь полицейских0007-01-2022
4"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті01012-08-2026
5В Алма-Ате полиция проводит точечные жесткие задержания0010-01-2022
6Полиция задержала в Алма-Ате около 2 тыс. человек0006-01-2022
7ТЖМ құтқарушылары түн ішінде қамыс арасынан 2 адамды тапты018.5312-08-2026
8В Казахстане за похищение невест задержали 15 человек0004-11-2025
9Полиция Украины ликвидировала преступника, захватившего заложника в Полтаве0001-08-2020
10Казахстан эвакуировал из Уханя более 80 своих граждан0002-02-2020

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 13.78. Источник: sputnik.kz.