Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

«Qazaqstan Barysy – 2026» турнирін дебютант Жантілек Нұртілепұлы жеңіп алды

Дата публикации: 15-08-2026 18:27:59

Фото: Qazaqstan Barysy  Маңғыстау облысының намысын қорғаған Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен елдің басты додаларының бірі – «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінде топ жарды. Қазақстан Республикасының спорт шебері үшін бұл жарыс ерекше тарихи мәнге ие. Себебі ол аталған супертурнирге алғаш рет қатысып, бірден бас жүлдеге қол жеткізді. Жантілек Нұртілепұлы жарыс барысында өзінің шеберлігі мен
The post «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирін дебютант Жантілек Нұртілепұлы жеңіп алды first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

Фото: Qazaqstan Barysy 

Маңғыстау облысының намысын қорғаған Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен елдің басты додаларының бірі – «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінде топ жарды. Қазақстан Республикасының спорт шебері үшін бұл жарыс ерекше тарихи мәнге ие. Себебі ол аталған супертурнирге алғаш рет қатысып, бірден бас жүлдеге қол жеткізді.

Жантілек Нұртілепұлы жарыс барысында өзінің шеберлігі мен мықты дайындығын көрсетті. Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалиді («Өтей батыр») жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші белдесуде маңғыстаулық балуан Жамбыл облысының тәжірибелі өкілі, «Қазақстан Барысы – 2023» турнирінің чемпионы әрі екі дүркін жүлдегері Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті.

Тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы қарсыласынан басым түсіп, «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің алтын белбеуін иеленді.

Айта кетерлігі, Жантілек Нұртілепұлы – биылғы турнирдегі ең жас балуандардың бірі. Дебюттік жарысында-ақ елдің үздіктерін мойындатып, басты жүлдені жеңіп алуы оның қазақ күресіндегі болашағы зор екенін аңғартты.

Турнирдің үшінші орны Шымкент қаласының өкілі, Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлына («Батыр») бұйырды. Ол қола жүлде үшін белдесуде Алмас Жұмағалиден басым түсті.

Жеңімпазға «Qazaqstan Barysy» алтын белбеуі және 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табысталды. Күміс жүлдегер күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегер қола белбеу және 1,5 миллион теңге иеленді.

Осылайша, Жантілек Нұртілепұлы өзінің алғашқы «Qazaqstan Barysy» додасында-ақ жеңімпаз атанып, қазақ күресінің жаңа жұлдыздарының бірі екенін дәлелдеді.

Түгелбай Бисен, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тоқаев "Qazaqstan Barysy – 2026" жеңімпазын құттықтады014.9516-08-2026
2Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады?011.1814-08-2026
3Астанада "Qazaqstan Barysy 2026" супертурнирі басталды018.9515-08-2026
4Тарихи жетістік! Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды06.7130-07-2026
5Астанада «Болашақ ойындары – 2026» өтеді014.2204-06-2026
6Алматыда Го ойынының «Kunanbayev Cup – 2026» халықаралық турнирі басталды011.7217-07-2026
7Бақытбек Бәмішұлы: Олжастың образын сомдау оңай емес….010.3530-05-2026
8«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
9Казахстанец добыл разгромную победу и вышел в финал ЧА по боксу08.5712-07-2026
10Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында 6-орын алды09.5814-08-2026

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.95. Источник: www.minber.kz.