Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

5 жылдан аса Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиевке сот үкімі шықты

Дата публикации: 03-07-2026 06:35:00

Ол 2026 жылдың 10 ақпанында ғана министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылған еді.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Ол 2026 жылдың 10 ақпанында ғана министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылған еді.  

Осылайша, Бішкектің Бірінші май аудандық соты "75-тің хаты" деп аталатын қылмыстық іс бойынша үкім шығарып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24.kg сайтының жазуынша, айыпталушылар қатарында Қамшыбек Тәшиевтен бөлек, Қырғызстанда көптеген жауапты қызмет атқарған тұлғалар бар.

Олар – экс-бас прокурор Құрманқұл Зулушев, парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбекуулу, қоғам қайраткері Бекболот Талгарбеков, ішкі істер министрінің экс-орынбасары Құрсан Асанов, парламенттің бұрынғы депутаты Құрманбек Дыйканбаев, бұрын вице-премьер әрі депутат болған Аалы Қарашев және Қырғызстанның Өзбекстандағы экс-елшісі Эмилбек Ұзақбаев.

Жаза кетейік, сот талқылауы жабық режимде өтсе де, үкім жария түрде оқылған. Іске қатысушылардың бәрі "Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша кінәлі деп танылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот айыпталушыларды "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша ақтаған. Яғни, сот сотталғандарға қатысты 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау қолданып отыр. Бұл "олардың ешқайсысы жазасын колонияда өтемейді" дегенді білдіреді. Десе де, пробациялық бақылау талабын бұзса, жедел түрде қамалуы мүмкін. 

Айыпталушылардың бәрі өзіне тағылған айыптарды мойындар емес. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның "екінші адамы" бола жүріп, досы Садыр Жапаровты әркез қолдайтынын, бірақ өзі президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлім еткен болатын.

Сол уақыттары Қырғыз президенті Жапаров қызметтен кеткен Тәшиевпен бірнеше күннен соң бетпе-бет кездескенін растап еді. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
123 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды0504-07-2026
2ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды0503-07-2026
3"75чилердин каты" боюнча соттук жараян кийинкиге жылды06.7510-08-2026
4Мемлекет басшысы Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады0504-07-2026
5Экс-президент Киргизии арестован до 26 августа0009-08-2019
6В Киргизии начинается суд по делу о беспорядках при задержании экс-президента Атамбаева0023-03-2020
7Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
8Экс-президент Киргизии не намерен приходить на допрос в МВД0008-07-2019
9Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған0527-06-2026
10Генпрокуратура Киргизии начала расследование по фактам беспорядков в селе Кой-Таш0008-08-2019

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.