Қазақстан құрамасы екі күміс және үш қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасы екі күміс және үш қола медаль иеленді.
Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі (U20) спортшылар арасында күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасының балуан қыздары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль иеленді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жаңыл Бекен финалда өзбекстандық Мухайё Нарзиллоеваға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан шешуші белдесуде қытайлық Чэньлин Сунға жол беріп, чемпионатты күміс медальмен аяқтады.
53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола медаль үшін өткен кездесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Вэй Тин Чэньді жеңді.
57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола жүлде үшін белдесуде Қытайлық Тайбэй спортшысы Юй Сюань Чэннен басым түсіп, үздік үштіктен көрінді.
Ал 59 келіге дейінгі салмақта Айжан Мұратбай қола медаль үшін өткен кездесуде филиппиндік Мириам Грейс Балисмені жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 2 | Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті | 0 | 10 | 13-08-2026 |
| 3 | Сұңқар Сейдахмет пен Самир Дурсунов күрестен U20 Азия чемпионатының финалына шықты | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 4 | Қазақстандық жас таеквондошылар халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды | 0 | 15 | 11-08-2026 |
| 5 | Асылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды | 8 | 7 | 25-06-2026 |
| 6 | Казахстан взял два золота на ЧА-2026 по тяжёлой атлетике в Ташкенте | 0 | 5.85 | 10-08-2026 |
| 7 | India secure 20 medals, including 4 gold at U-20 Asian Wrestling C'ships | 5 | 7 | 06-07-2026 |
| 8 | Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды | 0 | 15.26 | 12-08-2026 |
| 9 | 59 медаль және 16 рекорд: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды | 0 | 25.42 | 15-08-2026 |
| 10 | Таразда Ұлттық ұланның қазақ күресінен чемпионаты өтті | 0 | 5 | 03-07-2026 |